«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮРЕЙЛІ ЖЫЛДАРДЫҢ СИПАТЫ

Мамлют ауданында санаулы ғана қазақ ауылдары бар. Соның бірі – Бостандық. Ел ағалары жинаған деректерге сүйенсек, ауылдың осылайша аталуының да өзіндік сыры бар. Бостандық ауылының негізін бес ауыл – Аппақ, Балғабек, Нұрабай, Махамбет және Төлеп ауылдары құраған. Олар кеңес үкіметі орнағанға дейін жеке-жеке өз қыстауларында тұрған. 1929 жылдың күзінде Төлеп ауылының тумасы Оралдыұлы Жәкулі ең бірінші болып өзі мекен еткен қыстауда «Бостандық» ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырады. Отаршылдықтың ауыр азабынан, тіршіліктің сол кезеңдегі қиындығынан толық босауды аңсаған аталарымыз жаңа өмір бастау мақсатында өздерінің ұжымына «Бостандық» атауын береді. Сөйтіп, 1931 жылы қазіргі ауыл орналасқан жерде «Бостандық» ұжымшары құрылады. Нұрабай, Аппақ, Төлеп, Балғабек және Махамбет қыстауларының барлығына ортақ әрі жақын орналасқан жер болғандықтан осындай шешімге келеді.

Биыл құрылғанына 94 жыл толған ауылдың ұжымшар болып бірігуінің қысқаша тарихы осындай. Алайда сан қатпарлы тарихтың астарына үңілсек, күштеп ұжымдастырудың зардабы, ұлттың ұйытқысын жалмаған саясаттың бет-бейнесі айқындалады.

Бостандық ауылының тарихына қатысты мұрағат құжаттарының арасында бір ерекше тізім бар. Ол – 1930 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Петропавл округі Қызыләскер ауданының Бостан қазақ кентінде тұрып жатқан отбасылардың тізімі. Бұл құжатты ауыл кеңесі жасаған. Бостандық ауылының құрамына кірген отбасы иесінің аты-жөні, отбасында қанша адам бар, оның қаншасы еңбекке жарамды, қаншасы жұмыс істеуге қабілетсіз және әлеуметтік-экономикалық тобы көрсетілген. Әлеуметтік-экономикалық тобы деген бағанда отбасылардың бай, ауқатты, орташа ауқатты не болмаса кедей екендігі жазылған.

Дәл осы тізім 1928 жылдың 27 тамызында қабылданған Қазақ АКСР Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесінің «Ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдардың шаруашылығын тәркілеу мен жер аудару туралы» декретін жүзеге асыруға пайдаланылды. Тізімдегі 55 отбасының арасында Абықай Махамбетов пен Карим Мустакиновтар бай деп көрсетілген. Кейін олар мал- мүлкі тәркіленіп, жер аударылған. Жергілікті халық атауын ырымдап «Бостандық» деп қойған ұжымшардың алғашқы басқармасы Мұхамедия Әшетов 1938 жылы 58 баптың төрт бірдей тармағымен сотталып, ату жазасына ұшырады. Колхоз құрушылардың бірі, әртүрлі қызмет атқарған Сағындықов Мағаз, бірінші ауылдық кеңестің төрағасы Қарабатыров Қалимолда да «халық жауы» атанып, саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болды.

Осы бір жерде мына деректерді атап өткен маңызды. Мағаз Сағындықовтың КГБ-ның архивінде жеке қылмыстық ісі сақталған. Істі қараған кезде 1921 жылы бұл өлкеде кеңес үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы ірі көтерілістер болғаны, оған осы елдің тумалары Абықай Маханбетов, Қалимолда Қарабатыров, Әбілмәжін Махамбетовтер қатысқаны жазылған. 1937 жылы Мағаз Сағындықовты тұтқындаған уақытта тағылған айыптың бірі – осы көтеріліске қатысқаны. Ол кезде қара күйедей жағылған айыптан құтылу мүмкін емес-тін. Солақай саясаттың салдарынан 1938 жылы атылды. Осы ретте күштеп ұжымдастыру саясатының қазақ қоғамы үшін трагедия болғанын түсіну қиын емес. Биліктің көңіліне жақпағандар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Сан мыңдаған жесірлер мен жетімдер зар заманның зардабын тартты.

Бүгінде құрбандардың көрген қорлығы мен зорлығы, зардап шеккендердің тауқымет тағдыры тарих қойнауында кетті. Нақақтан нақақ қызыл қаны төгілген жандардың ұрпақтары «Халық жауының баласы» деген қорлықтан да құтылды.

Ешкімге жалынып, жалтақтамай, тек қана өзіне сеніп, еңбегі мен қайратының арқасында ғана жеңіске жеткен жандардың бірі Мағаз Сағындықовтың тұңғышы – Қилаж Мағазов. 1925 жылы дүниеге келген Қилаж Мағазұлы елге қоғам қайраткері, өндіріс ұйымдастырушысы, журналист, соғыс ардагері ретінде таныс. Жетіжылдық мектепті бітірген соң 1943 жылы майданға аттанған. Бейбіт уақытта облыстың әртүрлі әлеуметтік және экономикалық салаларында жұмыс істеген. Он жылға жуық Возвышен ауданының атқару комитетінің төрағасы, 8 жыл облыстың автомобиль жолы қызметін басқарды. Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары болды. Газет беттерінде әлеуметтік-саяси тақырыптағы мәселелерді көтерді. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 50 жылдығына арналған «Тернистый путь к победе» кітабының бас редакторы. Жаппай саяси репрессия туралы архив материалдарынан алынып жазылған «Трагедия и прозрение» кітабын басып шығаруға қатысқан. «Құрмет Белгісі», Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Әскери ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және тағы да басқа медальдармен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Алайда осы жетістік пен жеңіске, абырой мен беделге, құрмет пен мәртебеге жету жолы өте ауыр. Бір ғана мысал, 1949 жылдың сәуірінде майдангер ағамыз Приишим аудандық ішкі істер бөліміне қызметке орналасады. Бірақ екі-үш ай өткенде тауы шағылады. Облыстық басқарманың кадр бөлімінің бастығы шақырып, қызметінен біржолата босатып жібереді. Сол баяғы «халық жауының баласы» деген атақ қыр соңынан қалмай, өкшелеп жүрді. Ешкімнен «Жазығым не?» деп сұрамады. Елдің елдігі, ердің ерлігі сыналған заманда тағдыр тәлкегіне сынбаған азаматтың ішкі ерік-жігеріне тәнті боласың. Сөз арасында Қилаж Мағазұлының туғанына 100 толуына орай ардақты тұлға он жылға жуық уақыт бойы басқарған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы орналасқан ғимаратқа (Интернационал көшесі, 61 мекенжайында орналасқан) ескерткіш-тақта орнатылғанын айтып өткеніміз жөн болар. Қилаж Мағазұлының өмір жолы бір ауылдың тарихы, бір отбасының ғана тағдырын емес, бүкіл қазақтың көрген азабы мен қорлығын сипаттайды. Өзекті өртейтін өкініш те – осы. Әлі күнге дейін көңіл мұздап, жүрек сыздайды.

Сәуле МӘЛІКОВА,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты.

Бостан қазақ кентіндегі отбасылар тізімі 1930 жыл

№№ ппТАЖотбасы саныеңбекке жарамдыеңбекке жарамсызСалық 1929 ж.бір үйгеӘлеуметтік-экономикалық тобы
1Сағындықов Мағаз72540 -60орташа
2Сағындықов Есмұқан51416-00м/орташа.
3Сағындықов Қоки6246-10кедей
4Есмұқанов Мажен422кедей
5Амандықов Әйіп7749-52      орташа
6Амандықов Гарипулла514м/орташа
7Исиндыков Казкен72510-22м/орташа
8Исиндыков Хусаин6623-5орташа
9Есендыков Жағыпар2114-18кедей
10Мейрамгалиев Кап…7259-49 орташа
11Қуандықов Самавзы413кедей
12Қуандықов Мизам5140-12кедей
13Рамазанов Зікірия71610-35М/ орташа
14Карабатыров Калимулла72520-15м/ орташа
15Ибраев Салмен4135-34кедей
16Аяпбергенов Сәтбай51457-85 орташа
17Батрышинов Құрманғали4139-45м/ орташа
18Баймағамбетов Мантай3124-16м/ орташа
19Баймагамбетов Досан7169-96кедей
20Қожахметов Махмет52320-15орташа
21Кожахметов Мақсұт7161-09    кедей
22Шотбаев Садуақас12210кедей
23Акинов Камза31215-90м/орташа
24Махамбетов Әбілмәжін51475-95Ауқатты  
25Махамбетов Сәду11110218-25Ауқатты  
26Махамбетов Әбікей72570-63бай
27Касимов Манап21113-50кедей
28Мұстакинов Кәрим112961-55бай
29Наурызов Сәрсекей92719-51орташа
30Ахметжанов Ж92742-24орташа
31Жүнісов Сәлим82658-43 орташа
32Татиев Дүсенбі52313-65кедей
33Ноғайбеков Сәду70738-59м/ орташа
34Ноғайбеков Әбілмәжін66266-85ауқатты
35Ногайбеков Мәлік6155-62кедей
36Тогайбеков Әбіл55кедей
37Қарқынбаев Жанболат81717-85кедей
38Қарқынбаев Нұрахмет422кедей
39То..нбеков Жума…3125-69кедей
40Бекпанов Тлеген71610-25кедей
41Молдыбаев Қалиақбар73434-00 орташа
42Жұмабаев Иманбай71639-90 орташа
43Бейсембинов Мұқаш82639-59 орташа
44Бейсенбинов Омар514м/ орташа
45Жайлукинов  Дүйсенбі1331022-92орташа
46Сарсенбаев Омар5145-48кедей
47Жамангаринов Есенбай4134-78кедей
48Уакбаев Тұрсымбай615кедей
49Уақбаев Батыр6153-59кедей
50Елубасв Абдулла8267-45кедей
51Тілегенов Ораз523кедей
52Тұрсынбаев Нұрғали1028кедей
53Жана..нов Есенгүл33кедей
54Байбатырова Ок..11кедей
55Адельшенова Шакир3-3тоже кедей

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp