«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮСТЕМАҚЫ МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Петропавлда өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы мен өтемақы төлеу мәселелерін қарастырды. Үстіміздегі жылдың шілде айында COVID-19 инфекциялық вирусымен күрескен 2600-ге жуық медицина қызметкеріне үстемеақы төленді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Аймановтың айтуынша, үстемеақы алушылар 3 тәуекел тобына бөлінген. Бірінші тәуекел тобындағы қызметкерлерге бір айлық үстемеақы мөлшері 850 мыңды құраса, екінші тәуекел тобы үшін үстемеақы 425 теңгені, үшінші топта – 212 500 теңгені құрайды.
– Үстіміздегі жылдың шілде айында 2597 медицина қызметкеріне 668,4 миллион теңгенің қаржылық қолдауы көрсетілді. Үстемеақылар осы жылдың наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында төленді. Жұмыс барысында 287 медициналық қызметкер ауру жұқтырды. Соның ішінде 48 маманға өтемақы тағайындалды, – деді Нұрлан Айманов.
Бұған дейін әлеуметтік желіде пандемия кезінде кейбір медицина қызметкерлері өтемақы мен үстемеақы алмағанына шағымданған болатын. Нұрлан Аймановтың айтуынша, қалған медицина қызметкерлері бойынша төлемдер mapcovid.kz бағдарламасындағы техникалық ақаулар түзетілген соң қайта жалғастырылады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp