«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮСІП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

Қарағандыдан Петропавлға келе жатқан көлік Келлеровка ауылының маңайында сынып қалып, жолаушылар үсіп қала жаздады. 

Абырой болғанда, Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының бойында патрульде жүрген полиция батальонының аға лейтенанты Жігер Балтабай мен кіші лейтенант Асхат Камалиев көмек қолын созды. Олар сынған көлікті жақын маңайдағы елді мекенге жеткізіп, қажетті қосалқы бөлшектерді тауып беріп, машинаны жөндеуге атсалысты. Осының бәрін қарағандылық әйел облыстық полиция департаментінің электронды поштасына жіберген алғыс хатында баяндаған.
Облыс орталығында 14 жасар жасөспірімге көмек қажет болды. Ол Есіл өзенінің жағасындағы жардан абайсызда құлап кетіп, өз бетімен шыға алмай қалған. Оның досы бұл оқиға жайында сол жерде кезекшілік атқарып жүрген полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары “Жедел жәрдем” көлігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлерді шақырып, олар баланы жоғарыға алып шыққан.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp