«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШЕМНІҢ АНАСЫ ҮЙ АЛДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны Салтанат Уәлиева өткен жылдың шілде айында өмірге үшем әкелгені жайлы сүйіншілеп жазған болатынбыз. Сол қуанышты сәтте перзентханада Салтанаттан сұхбат алған кезде ол баспана мәселесі қинап тұрғанын айтқан болатын. Араға уақыт салып, көпбалалы анамен телефон арқылы хабарласып, мән-жайды білдік. Төрт бала тәрбиелеп отырған жас отбасы мемлекет тарапынан қолдау тауып, жақында жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болыпты.

– Сөзіміз тыңдаусыз қалмады. Бар-жоғы он айдың ішінде мәселе оң шешімін тапты. Осындай игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз, – деді қуанышын жасырмаған Салтанат.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp