
Петропавлда 32 жастағы келіншек үш қызды дүниеге әкелді. Облыстық перинаталдық орталық баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны үш сәбиді 2 наурыз күні дүниеге әкелген.
Бірінші шақалақ сағат 14.47 минутта, қалған екеуі араға бір минуттан салып өмірге келген. Мерзімінен ерте келген сәбилердің салмағы – 1 кг 871 грамм, 1 кг 408 грамм және 1 кг 555 грамм. Қазір олар қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Үшемді дүниеге әкелген келіншектің ұлты – орыс. Мамандардың айтуынша, күйеуімен азаматтық некеде тұрады. Тұңғыш қызы 2 жаста ғана. СҚО-да соңғы рет үшем 2015 жылы туған екен. Сол жылы бірден үш үшем өмірге келіпті.
www.inform.kz