«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Еңбек адамының құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсарту ісі ерекше назарда болмақ. Облыстық әкімдікте қол қойылған үш жақты келісімнің де көздегені осы.

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге сенім”, – деп атап көрсеткені баршаңызға мәлім. Жолдауда айтқан ойлар мен көтерілген бастамалар әрбір солтүстікқазақстандықтың қажырлы еңбегімен және бірлігімен іске асатыны баршамызға мәлім, – дей келе облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірімізде экономиканың негізгі салаларын дамыту ісінде соны серпіннің бар екенін жеткізді.  

Былтыр облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдар 1539 меморандум мен 3634 ұжымдық шарт жасасқан екен. Ал биылғы жылдың басынан бері 747 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылған.

Еңбек қатынастарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық әкімдік кәсіподақ кеңесімен және кәсіпкерлер палатасымен 2015-2017 жылдарға арналған келісімге қол қойды. Келісім аясында еңбекақыны көтеру мәселесіне де көңіл бөлінбек.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp