«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үшжақты келісім жасалды

Облыс педагогтері химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосып, секциялық кеңес өткізді. Шара аясында шығармашылық алаңдар, “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырылып, заманауи мектептің тәжірибесі ортаға салынды.

Кеңесте ғылымға негізделген білім беру, үштілділік, оқушылардың оқу жетістіктерін сындарлы бағалаудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Облыстық білім басқармасы, республикалық “Каз-Роботикс” қоғамдық бірлестігі және химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде үшжақты келісімге қол қойылды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp