“ESPN Houston” радиосына берген сұхбатында “Golden Boy” промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя жуырда Геннадий Головкин мен Сауль “Канело” Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздердің басталғанын мәлімдеді.
Сауль “Канело” Альварес жағы кездесуді АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын олар “Канелоның” рингке 4 мамырда оралатынын жариялаған еді. “Кеше Головкин тарапының өкілдерімен алдын ала келіссөздер өткіздік. Біз “Синко де майо” мерекесі күні үшінші жекпе-жек өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды күн. Сондықтан біз келіссөздерді бастаймыз. “Канело” кез келген боксшымен айқасуға дайын. Головкин мен “Канелоның” үшінші жекпе-жегі – жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, нәтижесі қандай боларын көреміз”, – деді Де ла Хойя.
Қанат АТАМАНОВ,
“Soltustik Qazaqstan”.