«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ ОРЫНДАМЫЗ

 

Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” командасы “Ақтөбені” қабылдады. 

Петропавлдағы Спорт сарайында өткен кездесудің алғашқы ойынында қызылжарлық команданың үздігі Илья Ахметов есеп ашқанымен, үш минут өтер-өтпес уақытта ақтөбеліктер нәтижені теңестірді. Сәлден соң Денис Стасюктің берген шайбасын Илья Ахметов қақпаға дәл көздеп, дубльдің авторы атанды. Бұдан кейін жерлес қорғаушылар Алексей Грищенко мен Федор Хорошев мергендік танытып, қарсылас команданың қақпасында тағы екі шайба соқты. Есеп – 4:1. 

Келесі күнгі қарымта кездесуде жерлестеріміз жанкүйерлерін тағы да қуантты. Бұл жолы Евгений Попитич, Егор Кудин және Дмитрий Исмагилов Павел Полуэктов күзеткен қақпадан саңылау тауып, қатарынан үш шайба салды. Ақтөбеліктер тек ойынның соңғы минуттарында ғана есеп айырмасын қысқарта алды. Осылайша, ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Қоржында 16-ы ұпайы бар қызылжарлықтар турнир кестесінде үшінші орында келеді. 7-8 қазан күндері Көкшетауда жерлестеріміз біріншіліктің көшбасшысы – “Арланмен” кездеседі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp