«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ

Елімізбен шекаралас Ресей Федерациясының Түмен облысында игі іс қолға алынып, қазақ сыныптары ашылуда.

Бұл – аталмыш облыста ашылған үшінші сынып. Бұған дейін қазақ сыныптары облыс орталығы мен Упоров кентінде ашылған болатын. Енді Голышманов ауылында тұратын қаракөздеріміз де ана тілінде білім алады. Қазір 1-3 сынып аралығында 40 бала ана тілін үйренуге кірісті. Ауыл тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш болды. 

– Жуырда Ишим қаласында да қазақ сыныбын ашпақпыз. Өйткені бұл – біздің балаларымыз үшін керек. Қазақ жастары ана тілін, салтын, дәстүрін білуі керек. Біз оларға жағдай жасаймыз, – деді Түмен облыстық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.
Салтанатты жиында қазақы дәстүрмен шашу шашылып, үлкендер бата берді. Голышманов ауылы – қазақтар көп шоғырланған елді мекендердің бірі. Сол себепті кішкентай қаракөздеріміздің ана тіліне құштарлығын оятып, салт-дәстүрімізді дәріптеуде мұндай шараның маңызы зор. Осындай бастамалар Ресейдің өзге өңірлерінде де жалғасын тапса игі.

Сағындық МАУҒАЗИН.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp