«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ҚЫСҚАРДЫ

Тимирязев ауданында халық саны аз үш ауылдық округ атауы картадан жойылады. Олар енді көрші ауылдық ок­руг құрамына енеді. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сес­сиясында жобаны депутаттар бірауыздан бекітті.

Облыстық экономика басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуын­ша, ауылдық округ 2 және одан да көп ауылдан тұрып, халық саны 500-ден кем болмауы тиіс. Тимирязев ауданында тек бір елді мекен қарайтын 12 ауылдық округ бар.

– Есіл ауылдық округінде – 64 адам, Целинныйда –155 адам, Ленинскийде 61 адам тұрып жатыр. Осы үш округте ауыл­дық жиын өтіп, басқа округке қосу туралы шешім қабылданды. Ауылдық әкімдік ап­паратында үш адамнан жұмыс істейді, жылдық шығын – 87 млн. теңге. Үнемдел­ген қаражат елді мекендерді абаттандыру­ға, жолдарды жөндеуге жұмсалады, – деді облыстық экономика басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Есіл ауылдық округі Ақсуат, Ленин ауылдық округі Мичурин, Целинный болса Хмельницкий ауылдық округінің құрамына кіреді. Елді мекендердің бұрынғы атаулары сақталады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp