«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ГОЛ СОҚТЫ

3 тамыз күні футболдан Бірінші лига командалары арасында он бесінші тур ойындары өтті. “Qyzyljаr” командасы өз алаңында елордалық  “Астана-М” клубымен кездесті.

Бұл күні “Қарасай” стадионына екі мыңнан астам көрермен жиналды. Өз жерлестеріне жанкүйер болған олар жан-жақтан қиқулаған сайын петропавлдық футболшылар намысты қолдан бермеуге тырысты. Нәтижесінде ойынның бірінші бөлігінде алаң иелері белсенді ойнап, қарсылас қақпасынан қатарынан екі рет саңылау тапты. Бұл жолы әріптестерінің пасын ұтымды пайдаланған Павел Кривенцев мергендік танытты. Есеп – 2:0. Екінші таймда жерлестеріміз шабуылын үдете түсіп, Момоду Сисей жеңісті гол соқты. Осылайша, жергілікті команда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды.
Бүгінгі таңда қоржынында 31 ұпайы бар петропавлдықтар үшінші орында тұр. 38 ұпайы бар “Алтай” көш басында  болса, одан жеті ұпай кем жинаған “Каспий” командасы екінші келеді.
10 тамызда жерлестеріміз Оралдың “Ақжайық” футбол клубымен сайысқа түседі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp