Петропавлда рұқсат етілмеген жерден көшені қиып өтпек болған үш жүргінші көлік қағып кетті.
Оқыс оқиға бүгін таңғы 10.30-дар шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бір қызын қолына алған, екіншісін жетектеген әйел Жамбыл көшесін қиып өтпек болған. Сол жақта келе жатқан көлік тоқтап, жүргіншілерді өткізіп жібереді. Ал екінші жолақта келе жатқан көлік жүргізушісі оларды байқамай қалып, соғып кеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “ВАЗ-2115″ автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп кетпек болған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жапа шеккен үш адам емханаға түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді.
www.inform.kz