Жергілікті полиция қызметі “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Тәртіп сақшылары үш күн бойы қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, 385 заң бұзу фактісін анықтаған. Олардың ішінде 114 жүргізуші рөлде келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 77-сі маневр жасау ережелерін бұзғаны және 14-і жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, автобустардың заңсыз қайта жабдықталуының 4 фактісі анықталды.
– “Автобус” жедел-алдын алу шарасы аясында көптеген қоғамдық көліктерді тексердік. Нәтижесінде бірқатар жүргізушілердің құжаттары дұрыс емес екендігі белгілі болды. Барлық тіркелген фактілер бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылады, – дейді Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Шәмшиден Ақышев.
(Өз тілшіміз).