Қазгидромет бірқатар өңірге қатысты дабылды ескерту жариялады. “Астана қаласы бойынша 23-і күндіз, 24-25 қарашада тәулік бойы қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. 23 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, кей жерлерде қатты бұрқасын күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде”, делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp