«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

  

Бұл жол-көлік апаты Петропавл мен Булаево қалалары арасындағы тас жолда болған. 

«Mitsubishi Pajero» жеңіл көлігінің жүргізушісі «Volkswagen Transporter» және «ВАЗ-2115» автомобильдерімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жабайы жануарды өткізіп жіберу үшін аялдап тұрған екі көлік тасжолдан шығып кетті. Автокөліктердің біріндегі екі жолаушы дене жарақатын алған. Апат салдарынан үш көлік те айтарлықтай техникалық бүлінген. Полицейлер осы факті бойынша жиналған материалдарды тиісті шешім қабылдау үшін Қызылжар аудандық сотына тапсыратын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp