Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Павлодар қаласында республикалық “Полиглот” байқауы өтті. Онда облыс намысын облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Жанна Ысқақова қорғады.
Аталмыш шараға республикамыздың барлық өңірлерінен 15 маман қатысты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қажетті деңгейде меңгеріп, оларды әртүрлі жағдайда қолдана білу, соған орай ауызша және жазбаша сынақ тапсыру – сайысқа қатысушылардың кәсіби деңгейін анықтайтын тапсырмалардың бір бөлігі болатын. Осынау додалы сайыста Жанна Ысқақова өзін жоғары биіктен көрсете білді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жас маманы “Ілеспе аударма” аталымында өзінің үш тілді шебер меңгергендігін көрсетіп, Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әлия ЖҮСІПОВА,
облыстық төтенше
жағдайлар жөніндегі департаменттің құжаттамалық
қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің іс жүргізушісі.