«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ҚАЙТАРА ЗАҢ БҰЗҒАН

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды. «ВАЗ-21099» автокөлігін тізгіндеген ауыл тұрғыны бұған дейін жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырып, сотталған екен.

 «Алғаш рет ол 2014 жылы мас күйде комбайн рөліне отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. 2017 жылы екінші рет ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін сот шешімімен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұған қоса 3 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған. Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерге байланысты енді жүргізуші 3 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін», – деп түсіндірді Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдос Ідірісов. Күдіктінің көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Облыста жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, әрі мас күйде рөлге отырған 15 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp