«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ӨҢІР ӨРЕНДЕРІНІҢ САЙЫСЫ

Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта үшінші рет “Қызылжар – 2016” өңіраралық спорт фестивалі өтті.

Спорт фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі жан-жақты ойластырылыпты. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырыла өткізілді.

Додада үш команда, атап айтсақ, өңіріміздің, Ақмола облысының Есіл, Қостанай облысының Рудный жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері бақтарын сынады. Әр өңірдің намысын үкілеп келген жас спортшыларды құттықтаған облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры Ризабек Какпенов:

– Егемен еліміздің ертеңі – бүгінгі өздеріңіздей жас ұрпақ өкілдері. Сіздердің білімді, жан-жақты болып жетілулеріңіз үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі спорт додасы – соның бір айғағы. Дені сау ұрпақ баршамыздың ортақ Отанымыз – Қазақстанның басты байлығы, – деді.

Содан кейін жиналғандарға өңір өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл дода алдында өрендерге қуанышты көңіл-күй сыйлап, жігерлендірді.

Сайыстың қорытындысында жалпыкомандалық есепте бірінші орын қызылжарлық өрендерге бұйырса, екінші орынды қостанайлық, үшінші орынды көкшелік жас спортшылар иеленді. Сондай-ақ, аталмыш спорт түрлері бойынша үздік өнер көрсеткен бірқатар оқушылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздардың барлығына кубоктар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Спорт фестивалінің тартысты әрі қызықты өткеніне ризашылық білдірген жас спортшылар сайыстан кейін Петропавлдың көрікті орындарын аралады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: Р.Какпенов фестиваль жүлдегерін марапаттауда.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp