
Облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ведомстволық медициналық қызметтің жұмысын ұдайы бақылауында ұстайды. Жуырда оның жұмысын тексерген ол ведомстволық емханасы бар госпитальдің және персоналдың коронавирустық инфекцияға қарсы күреске дайындығына баға берді. Ең алдымен емханаға және госпитальдің терапиялық бөлімшесінде болды. Полиция ведомствосының басшысы қызметкерлерге толық медициналық көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары қорының жеткілікті екеніне көз жеткізді. Медициналық бөлімінің басшысы Сергей Федоров сатып алынған төрт оттегі концентраторын, теріге тигізбей пайдаланылатын сегіз термометр мен пульксометрлерді көрсетті. Медициналық қызметкерлер үй-жайларды зарарсыздандырып, персоналды және емделушілерді термометриядан өткізеді. Полиция бөліністерінің әкімшілік ғимараттарының бақылау пункттерінде жеке құрамның температурасы өлшенеді.
Марат Төлебаев ақ халаттыларды коронавирустық инфекция кезінде жағдайды бақылау және індеттің алдын алу бойынша алдағы жұмыстарына бағдар берді. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі коронавирустық инфекцияға тестілеу жүргізілетін және биоматериал алынатын фильтрациялық орынға барды. Бұл жұмыс аса өзекті, өйткені полиция қызметкерлері кез-келген ауа райына қарамастан, блок-бекеттерде қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін көшелерді патрульдейді. Пандемия басталғалы жеке құрамға 2736 ПТР-зерттеу жүргізілді.