«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЖЫМ МАҚТАНЫШЫ

“Прогресс” тігін фабрикасында жұмыс істейтін Қайни Сәдуова тігіншілік өнердің қыр-сырын жақсы біледі. Қырық жылға жуық бір салада табан аудармай жұмыс істеп келе жатыр.

Қайни Тұрғынбайқызы еңбек жолын сексенінші жылдары Қызылжар қаласындағы “Комсомолка” тігін фабрикасында бастаған. Экономикалық тоқырау кезеңінде де өзінің сүйікті ісінен қол үзбеді. Өйткені, ол өзінің мамандығын шексіз сүйеді.
– Осыдан қырық жылдай бұрын облыстық “Ленин туы” (қазіргі “Soltústik Qazaqstan”) газетінде менің суретім жарық көрді. Ол кезде еңбекке енді араласқан жас маман едім. Сол кезден бастап ұжымның сенімінен шығуды алдыма мақсат еттім. Еңбекке деген құлшыныстың арқасында мен өзімнің арманыма қол жеткіздім, – деген ол әр адам мамандық таңдауда қателеспей, жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін жеткізді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp