«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұйымдардың үлесі басым

Білім беру саласындағы қызметтердің негізгі көлемінің 95,9 пайызын мемлекеттік мекемелер көрсетеді.

2015 жылы білім саласында 768 ұйым қызмет көрсетті. Ол ұйымдардың негізгі қызмет түрі бойынша орындаған жұмыс көлемі 40792 млн. теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда оның көлемі 1,9 пайызға ұлғайды. Қосалқы қызмет түрі 124,4 млн. теңгеге атқарылып, 2 есе азайды.

Білім саласында негізгі қызметке жалақы бюджет қаражаты есебінен төленеді. Ол жалпы қызмет көлемінің 92,7 пайызына тең. Халық қаражаты есебінен төленген қызметтердің үлесі 6,7 пайызды құраса, 0,6 пайызын кәсіпорындар жабады. Қосалқы қызмет ақысының 88,2 пайызы негізінен халықтан түскен қаражат есебінен төленеді, қалған 11,8 пайызы кәсіпорындар қаражатына тиесілі.

Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтердің үлесі ауқымды. Олардың көлемі – 20495,5 млн. теңге немесе жалпы қызметтің 50,2 пайызына тең. Бастауыш білім беру жалпы көлемнің 12,9 пайызын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру – 12,5, жоғары білім беру – 8,5, білім берудің өзге қызметтері 15,9 пайызды құрайды.

Қосалқы қызмет түрі бойынша ең көп үлес салмақ қонақүйлер мен туристік базаларда және тағы басқа орындарда тұруды ұйымдастыруға тиесілі. Аталмыш қызметтің көлемі 53,1 млн. теңгені немесе жалпы көлемнің 42,7 пайызын құрады.

Қуанышбек ҚАЛИЖАНОВ,

облыстық статистика департаменті

басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp