Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада өткен республикалық Тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесі тереңірек қаузалған жиында Президентіміз бірқатар ұстазға мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатқа ие болғандардың қатарында жерлестеріміз де бар.
Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Әблемова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Шолпан Бақытқызы педагогика саласында 40 жылдан астам уақыттан бері табанды еңбек етіп келеді. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз әріптестерінің ортасында да құрметке ие. Оның кәсіби шеберлігі, оқушыларына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы – жас мамандарға үлгі. «Ұстаз болу – жүректің батылдығы» деген сөз бекер айтылмаған. Менің тағдырыма білгенім мен көргенімді жас ұрпаққа үйрету ісі жазылған екен. Өзімді бақытты мұғалімнің бірімін деп санаймын. Шәкірттерім өмірден өз жолдарын адаспай тапса, еңбегімнің бағаланғаны сол болмақ», – дейді ол.
Аталған марапат тек жекелеген ұстаздың еңбегінің жемісі ғана емес, өңіріміздің білім беру саласына, мұғалімдер қауымының еңбегіне берілген жоғары баға.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».