«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛБИКЕ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 1999-2000 жылдары дүниеге келген жастар арасында белбеу күресінен ел біріншілігі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның әр облысынан келген 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ таластырды.

Өңіріміздің намысын қорғаған балуандардың ішінде жерлес нәзік жанды аруымыз Ұлбике Қасымбекова өзінің жақсы дайындығы және шеберлігін көрсетті. Дәлірек айтқанда, ол 48 килограммда өткен жекпе-жекте Шымкент, Ақмола және Сыр өңірінің мықты, сайдың тасындай спортшыларының жауырынын жерге тигізіп, ел чемпионы атанды.
Осылайша Ұлбике биылғы қараша айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында спорттың бұл түрінен өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp