«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ БАНК: «ЕҢ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР ҰСТАНАТЫН РЕЖІМ»

Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен брифинг аясында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық банктің ақша-несие саясатының жаңа режіміне – инфляциялық таргеттеуге көшетінін мәлімдеді.

“Инфляциялық таргеттеу – бұл ең дамыған елдер ұстанатын сыртқы несие саясатының режімі. Канада және Австралия сияқты елдер инфляциялық таргеттеуді ұстанады, мен бұл тізімге Чилиді де қосушы едім», – деп хабарлады Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, соңғы уақытта еуро 20%-ға әлсіреді.

«Келесі 5-10 жылда мүлдем басқа шынайылық болады және тиісінше, әр ел өзіне жауап дайындап жатыр. Ол жауап ақша-несие саясатын және салық бюджетін үйлестіруге негізделетін экономикалық саясат болады», – деп қосты ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp