«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС БАСТАУЫ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерген. 

Саяси, экономикалық рефор­ма­ларда егемен еліміз бірқатар нәтижеге қол жеткізгені баршаға мәлім. Қазір біз адами құндылық­ты, рухани қазынаны насихаттап, жастарға өнегелі тәрбие берудің алғышартын қарастыруға тиіспіз. Бұл халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, ана тіл мен әдебиет, мә­дениет, ұлттық рухымызды жаң­ғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

“Рухани жаңғыру” – қазақстан­дық­тардың дүниетанымын өзгер­те­тін қозғаушы күш. Тәуелсіз елі­міздің баянды болашағы үшін жасалып жатқан игі істі жүзеге асы­ру баршаның міндеті. Қоғам­ды құрайтын – адам. Ендеше, әр адам еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, рухани болмыстан ажырап қалмау үшін барын салуы керек деп ойлаймын. Рухани дү­ниетанымы бай адам ешқашан ұлт­тың атына кір келтірмейді. Сон­дықтан аталмыш бағдарлама жеке адамдарға ғана емес, мә­дениет саласы қызметкерлеріне де жауапкершілік жүктейді. Бұл орайда, Айыртау ауданының мә­де­ниет саласында да айтарлық­тай жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінде ауданда 59 мәдени нысан бар. Соның ішінде 30 клубтық ме­кеме мен 27 кітапхана, екі музей жұмыс істейді. Жүзге жуық адам еңбек ететін ұйымдарда түрлі іс-шаралар өтеді.
Жыл басынан бері үш мың адамның қатысуымен жетпістен астам шара өтті. Соның бірқата­рына тоқталып өткенді жөн санап отырмын. Сырымбет, Құспек ауыл­дық кітапханаларында “Ба­ба­лар сөзі – ғасырлар үні” атты әдеби кеш пен “Көркемсөз оқу көш­басшысы” байқауы ұйымдасты­рыл­ды. Ал аудандық кітапханада “Туған жер – алтын бесік” поэти­калық сағаты өтті. Шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, туған жерден түлеп ұшқан ақын-жазу­шылардың шығармалары көрер­мендердің назарына ұсынылды.
Айыртаудың атырабы сұлу табиғатымен ерекшеленеді. Бұл өңір көптеген дарындарды құн­дақ­таған қасиетті мекен екенін айт­қан жөн. Шоқандай ғұлама ғалымның балалық шағы өткен Ар­қа­дағы асыл аймақта аспандағы аққуға үнін қосып, қазақ даласын әнмен тербеткен Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды халқымыздың бір­туар ұлдары осы өңірдің топыра­ғынан нәр алды. От ауызды, орақ тілді айтыс ақындары Орынбай Бертағыұлы, Мұса Асайынов та туған жердің төл перзенті екенін мақтан етеміз.
Көз тоймас көркімен адам жанын баурап алар Айыртаудың әсем табиғатына тамсанбаған жан жоқ шығар, сірә. Айдын шалқар көлі, сыңсыған қалың ор­ма­ны, кең жазық даласы мен әр тасы тарихтан сыр шертетін Сы­рым­бет тауы баурайындағы Ай­ғаным қонысын, Қарасай мен Ағын­тай батырлардың мемориал­дық кешенін тамашалауға ке­летін қонақтар қатары жыл санап көбейе түсуде. Туристердің қаты­суымен көптеген іс-шаралар өте­тінін тілге тиек етуге болады.
Бүгінде аудандық кітапхана­ның ұйымдастыруымен 2017-2020 жылдарға арналған “Туған жер” атты өлкетану бағдарла­ма­сы жүзеге асырылуда. Оның аясында “Айыртау жерінің Ұлы тұл­ғалары” атты диск жарық көрді. Қазір аудандағы мәдениет меке­ме­лерінде өлкетану бағыты бо­йын­ша он клуб жұмыс істейді. “Туған жер – алтын бесік”, “Атамекен” сияқты бірқатар ұйымдардың жұмысын да ерекше атап өткен жөн.
Жыл сайын бізде көркемөнер­паздар байқауы өтеді. Биыл бұл байқауға мыңнан астам адам қатысты. Ұрпақтар сабақтасты­ғын сақтау, тарихпен байланыс орнату – болашақ үшін маңызды дүниелер. Біз болашаққа нық қадам басып келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Сондықтан “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Қазақстанның қасиетті географиясы” бағыты бойынша мәдениет мекемелерінде оннан астам іс-шара ұйымдастырылды.
Үстіміздегі жылы аудандық мұражайда төрт мыңнан астам адам болды. Жыл сайын жазғы демалыс кезінде “Круиз” туристік фир­масының қолдауымен Петропавл, Көкшетау қалаларынан мектеп оқушылары аудандағы мұражайларға келіп, өңір тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді тама­шалайды.
“Тіл – ұлттың жаны” деп бекер ай­тылмаған. Өйткені, тіл – қай ұлт­тың болмасын тарихы мен тағды­ры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы болып саналады. Мемлекеттік тілді құрметтеу, қа­зақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында ауқымды жұмыстар ат­қарылуда. “Рухани жаңғыру” бағ­дарламасы аясында аудандық Мәдениет үйінде “Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру” тақы­рыбында семинар өтті. Бұл шара­лардың барлығы ұлттық болмы­сымызды сақтап қалуға бағыт­талған. Сондықтан ұлттың ұлы мұраты жолында аянбай еңбек етіп, бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыратын боламыз.

 

Гүлнәр ӨТЕУЛИНА,
Айыртау аудандық

мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp