«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ КИІМ АЖАРЫ

Кеше, яғни қасиетті жұма күні “Қызылжар” орталық мешітінде жуырда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасымен құрылған “Әжелер” мектебінің төрайымы Ырысжамал Әленованың ұйымдастыруымен рухани шара өтті. Қыз тәрбиесі және ұлттық нақыштағы киім киюдің маңызы әңгімеге арқау болған жиында Халида Мінайдарқызы “Әжелер мектебіне” өзі тіккен оюлы 12 қамзол мен көйлекті сыйға тартты.

– Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуді мақсат тұтып отырмыз. Қара жамылып, тұмшалану қазақтың әдет-ғұрпында болмаған. Бүгінгі Халида апайымыз тарту етіп отырған киім үлгісі шетелдіктер қызығатындай әдемі жасалыпты. Ол діннің талаптарына сай, – деді “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы.

Шара барысында Қымбат Исманова, Сәлима Балтабаева және өзге де әжелер қазақ қыздарының тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp