«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық сананың ұйытқысы

Ұрпаққа рухани нәр беруші, сонау Омбыда тұсауын кескен “Кедей сөзі” басылымы кейін тәуелсіздік таңымен бірге “Солтүстік Қазақстан” атауымен қазақ тілін құрметтейтін қауыммен қайта қауышты. Аласапыран заманда жұртының жанайқайын ешбір қаймығусыз газет бетінде жариялай білген аяулы азаматтардың тағдыры талай тәлкекке түскені жайлы да білесіздер. Десек те, сол абзал азаматтардың ізгі жолын жалғастырып келе жатқан ағаларымызға дән ризамын.

Облыс баспасөзінің қарашаңырағы – “Солтүстік Қазақстан” газетінің жанынан “Қызылжар нұрының” қанат қағуы сол қаламгер ағаларымыздың құтты қадамы десек, қателеспеспіз. Студент кезімде мақала жазудың қыр-сырына үйреткен ұстаздарым Мүттәлап Қанғожин, Болат Қожахметов, Амандық Жантеміров, Жарасбай Сүлейменов, Тоқтар Зікірин, Нұрсайын Шәріп, Зейнолла Әкімжанов, Зарап Құсайынов, Қошан Қали, Өмір Есқали сынды қаламгерлер баспасөз майданының нағыз жауынгерлері екенін барша жұртшылық біледі. Алдыңғы толқын ағалардың жолын қуған жас журналистердің ойлары ұшқыр, тілдері жатық екеніне де куә болып жүрміз. Қазақстанның жарқын болашағы үшін қолдарына алған қаруы – қаламы арқылы ел алдындағы, келешек ұрпақ үшін барлық жауапкершілікті жете түсіне отыра, жалпы жұрттың тілегі мен мұратын қоғамға паш етіп жүрген жас тілшілерге жолдарың ақ болсын дегім келеді. Халқының қамы үшін тер төгіп жүрген барша қаламгерлерге зор денсаулық, қаламдарына қуат тілеймін!

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі

департаменттің

аға офицері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp