«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР — РУХАНИ ҚАЗЫНА

Этномәдени бірлестіктердің дәстүрлі “Радуга” облыстық фестиваліне аудандар мен Петропавл қаласынан 25 өнер ұжымы қатысты.

Фестиваль шымылдығы композитор Нұрғиса Тілендиевтің “Өз елім” әніне қойылған “Достық тәжі” биімен ашылды. Оның барысында қазақ, орыс, татар, украин, поляк халқының ұлттық билерінің үйлесімі анық байқалды.

Тайынша ауданынан келген “Кроковянки” ансамблі жерлестерін поляк этносының өнерімен таныстырды. Өткен жылы қыздар мың бұрала билесе, биылғы концертте олар ән айтуды жөн көрген екен.

– Біз поляктың “100 күлкі” атты әнін орындадық. Көрерменге ұнады деген сенімдеміз. Жалпы бұл фестивальға біз екінші рет қатысып отырмыз. Мұндағы көңіл-күй қатты ұнайды, – дейді ансамбльдің мүшесі Валерия Краевская.

Аталған фестиваль 15 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын қатысушылардың саны артып, орындаушылық деңгейлері де көтерілген.

– Дәстүрге айналған фестивальға фольклорлық, хореографиялық ансамбльдер мен вокалдық топтар қатысуда. Олар көрермендерді елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениетімен таныстырады. Бұл шара балалардың бойында отансүйгіштікті оятады, – деді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева.

Әйгерім ЕРЖАНОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp