«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Айтыс өнерін насихаттау, жас ақындарды шыңдау мақсатында Айыртау ауданындағы Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде “Ауылым – алтын бесігім” атты аймақаралық ақындар айтысы өтті.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен өнер сайысына облыс аудандары мен Ақмола облысының жас ақындары қатысты. Кестелі сөздің тиегін ағытқан жас ақындар қоғамдағы көкейкесті мәселелерді жырға қосуға тырысты. Ұлттық өнер ұлықталған жыр кешінде алғаш рет үлкен сахнада тұсауы кесілген ақындар да болды. Суырып салма сөз бәсекесіне түскен кейбір өнерпаздар оза шапса, енді бірі сөзден тосылып қалды. Ақмола өңірінің өнерпазы Абзал Жұмабек пен жерлесіміз Сара Құлахметтің айтысы тартымды болғанын атап өткен жөн. Қыз бен жігіттің әдемі айтысын жасаған қос өнерпаздың болашағынан зор үміт күтуге болады. Әзіл-қалжыңы жарасқан бұл жұп көрермендердің де көңілінен шықты.


Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Диас Аяған жеңіп алды. Бірінші орынға Сая Тұрсынбек ие болса, Абзал Жұмабек пен Дәулет Құрмаш екінші және үшінші орындарды тең бөлісті. Ермек Жумин, Бағзор Ерболқызы, Сара Құлахмет арнайы аталымдармен марапатталды. Жүлдегерлер мен қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp