«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ ӨНІМ АЛАҢЫ

Өткен аптада, яғни 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы Халықаралық EXPO көрме орталығында VIII дәстүрлі ULTTYQ Ó NIM республикалық көрмесі өтті. Көрмеде Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынды.

Көрменің ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қатысып, отандық өндірушілердің жаңа жобаларымен және инновациялық шешімдерімен танысты. Биылғы көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен 350-ге жуық кәсіпорын жиналды. Біздің өңірден 21 компания қатысып, өнімдерінің сапасы мен заманауи өндірістік мүмкіндіктерін паш етті. Олардың қатарында «Петропавл нан-тоқаш комбинаты», «Сұлтан» элеватор-диірмен-макарон кешені», «Масло-Дел», «Plavas», «Прогресс» тігін фабрикасы, «Matex», «Biooperations», «Радуга», «Петропавл электротехникалық зауыты», «KMI Engineering» сынды тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп пен инновациялық технология саласында жұмыс істейтін өндірістік әлеуеті жоғары кәсіпорындар бар.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp