«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК

  

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ақиық ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» тақырыбында онлайн экскурссия өтуде. Онда экскурссия жүргізушілері қала тұрғындары мен қонақтарына жерлес қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, ақынның бүгінгі күнге дейінгі сақталған жеке заттарымен және құжаттарымен таныстыруда.

      Қаламгердің санқилы тағдырынан сыр шертетін құжаттардың ішінде үш томдық шығармалар жинағымен қоса, оның қуғын-сүргінге ұшыраған кездегі толтырған сауалнамалары ерекше назар аудартады. Сонымен қатар хаттама көшірмелері де Алаштың ардақты ұлының қандай бап пен жала бойынша қылмыстық қудалауға тартылғаны жөнінде ақпарат береді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Гүлжауһар Сәдуақасованың айтуынша, Мағжан Жұмабаев абақтыға үш рет қамалған. «Ақын ең алғаш рет 1918 жылы түрмеге жабылды. Сөйтіп, ол бір айдан астам уақыт бойы Омбы абақтысында отырды. Екінші рет жазықсыздан-жазықсыз 1929 жылы он жылға сотталып, Максим Горькийдің көмегімен Сібірдегі саяси түрмеден үш жылға ерте босап шығарылады. Одан кейін 1937 жылы 3-інші рет ұсталып, 1938 жылдың наурыз айында атылу жазасына кесілді», – дейді бөлім басшысы.
Экскурссияда Мағжан Жұмабаевтың күнделікті өмірде қолданған заттары да қойылған. Көп дүниенің арасынан жайнамаз да орын тапқан. Оның маңдай және тізе тигізетін жерлері жұқарып, жамалған. Төсенішке Түркия еліндегі Айя София көне мешітінің 19-шы ғасырдағы бейнесі салынған. Ал, көрермендер тарапынан зор қызығушылық туғызған кәдімгі табақ Қытай фарфорынан жасалған екен. Оны Мағжан Жұмабавтың жары Зылиха қолданған. Ақынның осы және өзге де жеке заттарын музейге ақынның Қызылжарда тұратын немере інісі Тасболат Бекенов сыйға тартыпты. СҚО музейлер бірлестігі жетекшісінің орынбасары Еркін Шалкеновтің хабарлауынша, өңіріміздің XVIII – XIX ғасырдағы тарихы жайлы онлайн-экскурссиялардың келесісі Тұңғыш Президент күніне арналмақ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp