Ұлы ақын, ақыл-ойдың кемеңгері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында Тимирязев ауданының Дмитриевка ауылдық кітапханасында “Абай – біздің ұлттық ұранымыз” атты кітап көрмесі өтті.
Қашықтан ұйымдастырылған кітап көрмесіне Абай Құнанбаевтың шығармалары мен ол туралы жазылған өзге авторлардың еңбектері қойылды. Онлайн шарада кемеңгер тұлғаның өмірбаянына тоқталып, шығармаларына шолу жасалды. Сондай-ақ, оның өмірінен сыр шертер құнды мәліметтер жазылған буклеттер әзірленіп, көрермен назарына ұсынылды. Шара барысында мектеп оқушылары Олжас Ерсаян мен Аружан Бектұрғанова ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікті тәнті етті.
Гүлфайра СЫЗДЫҚОВА,
кітапханашы.
Тимирязев ауданы.