«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Ұлы ақын, ақыл-ойдың кемеңгері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында Тимирязев ауданының Дмитриевка ауылдық кітапханасында “Абай – біздің ұлттық ұранымыз” атты кітап көрмесі өтті.

Қашықтан ұйымдастырылған кітап көрмесіне Абай Құнанбаев­тың шығармалары мен ол туралы жазылған өзге авторлардың ең­бектері қойылды. Онлайн шарада кемеңгер тұлғаның өмірбаянына тоқталып, шығармаларына шолу жа­салды. Сондай-ақ, оның өмірі­нен сыр шертер құнды мәлімет­тер жазылған буклеттер әзірле­ніп, көрермен назарына ұсыныл­ды. Шара барысында мектеп оқу­шылары Олжас Ерсаян мен Ару­жан Бектұрғанова ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көп­шілікті тәнті етті.

Гүлфайра СЫЗДЫҚОВА,

кітапханашы.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp