«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлыбританиялықтар азық-түлік дүкендерінде кезекте тұр

Ұлыбритания билігі Сovid-19 ауруының көбеюіне байланысты бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп жатқанда, адамдар тағы да дүрбелеңге салынып, азық-түлік қорын сатып ала бастады.

Сатушылар тұрғындардан алдауға сенбеуін және өнімдер жеткілікті екенін атап өтті. Алайда, егер дүрбелең жалғаса берсе, дүкендерде тауар жетіспеушілігі туындауы мүмкін. 
Наурызда алғашқы карантин кезінде сатып алушылар 60 миллион фунт (шамамен 33 миллиард теңге) тауар сатып алған еді. 
Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай тек Ұлыбританияда ғана болған жоқ. Нью-Йорк мэрі 12 наурызда қалада төтенше жағдай жариялағаннан кейін, тұрғындар дүкен сөрелерін босатып, жаппай азық-түлікке таласып та қалып еді. 


 https://egemen.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp