«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫҚ БОЛСАҢ, КІШІК БОЛ

Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті “Мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты жоюдың кепілі” деген тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Аталған шараға мемлекеттік органдардың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.

“Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен әдебі – бұл мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі екені сөзсіз. Биыл департаментте жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында жаңа құрылымдық бөлімше ашылған болатын. Бұл бөлімшенің негізгі мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылап, заң аясында орындалуын қадағалап, сыбайлас жемқорлық қатерлерінің себебін анықтау”, – деді департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушысы Дулат Тайшабай.

Облысымызда мемлекеттік қызметтің 200-ге жуық түрі көрсетіледі. Жыл басынан 30 тексеріс өткізілді. Оның барысында 300 бұзушылық анықталыпты. Кең таралған бұзушылықтардың бірі – қызмет көрсету мерзімін сақтамау.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлықты жою және мемлекеттік қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру мәселелерін қозғады.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp