«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҰЛЫ ДАЛА» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Нұр Отан» партиясы «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады, бас жүлдеге  1,5 миллион теңге тігілген.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басымдықтарды жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясы да тікелей атсалысатын болады. Осы бағыттағы жобалардың бірі – жас ақын-жазушыларға арналған «Ұлы дала» шығармашылық байқауы. Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Олардың жұмыстары 2018 жылдың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданып,  «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығармалар» сияқты бес  аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.

 https://www.inform.kz/kz/uly-dala-shygarmashylyk-baykauy-zhariyalandy_a3466671

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp