“Nur Otan” партиясының Петропавл қалалық филиалы өз белсенділері үшін «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалін өткізді.
Шара «Nur Otan» партиясының 20-жылдығына орай ұйымдастырылып, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын насихаттауға арналды. Жергілікті музыканттар терме, күй және жыр жанрындағы музыкалық шығармаларды орындады. Фестиваль ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда, мұндай іс-шаралар жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, олардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға жол салмақ.
«Бүгінгі фестиваль облыстық филармонияның көмегімен жүзеге асты. Ұлттық музыкалық мәдениетіміз баға жетпес асыл туындыларға бай емес пе?! Соларды насихаттауға ден қойдық. Кешімізде классиктеріміз Жамбыл, Құрманғазы, Дәулеткерей мен Тәттімбеттің туындылары орындалды. Жастардың музыка мен өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда олардың орны ерекше деп ойлаймын», – деді «Nur Otan» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев.
Мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосу мақсатында нұротандықтар арнайы жоба жасап, соның аясында осындай іс-шараларды жыл бойы жүргізіп келеді.