«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ МЕРЕКЕГЕ АРНАЛДЫ

Үстіміздегі жылы ел болып атап өтетін және асыға күтетін мерейтойлар мен маңызды іс-шаралар аз емес. Соның бірегейі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы орайда өңірімізде аталған дүбірлі мерекеге арналған техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының студенттерi арасында “Бiз – болашақ Қазақстан жастарымыз” атты облыстық шығармалар байқауы өтті.

Байқауға 200-ден астам студент қатысып, олардың қазақ және орыс тілінде жазған шығармалары төрт талап бойынша бағаланды. Мәселен, қазылар алқасы еліміздің болашағы атанып отырған жастардың тақырыпты ашу тереңдiгiне, қоғамдық өмiрді бағамдап, өзінің жинақтаған тәжiрибесiне сүйенiп, көзқарасын ұтымды дәлелдеуіне, мазмұнының толықтығына аса мән берді.

Осындай талап үдесінен шыққан шығармалардың саны аз болмаса да, қазылар алқасы мәні терең, ойы көркем, сөзі шұрайлы екі жұмысты жүлдеге лайық деп таныды. Сонымен, бірінші орынды Петропавл өнер колледжi музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенiнің оқушысы Салтанат Жұматаева мен Петровка аграрлық-техникалық колледжiнің студентi Елена Нинилина бөлісті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp