Аққайың ауданында кәсіпкерлер қатары тағы бір адамға толықты. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының қолдауымен Смирново ауылының тұрғыны Валерий Сергиенко “Жұмыспен қамту жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша сомасы 2,5 млн. теңгенің кредитін алды.
Валерий Дмитриевичтің 2-ші топтағы мүгедектігі бар, бұрын бизнеспен айналысқан емес. Ол бағын сынамаққа шешіп, облыстық кәсіпкерлер палатасының Аққайың аудандық филиалына ақыл-кеңес алуға өтініш берді, ондағылар оған бизнес-жоспар жасауға көмектесті.
Кәсіпкер мал шаруашылығын тез өсетін ірі қара мал тұқымын пайдалана отырып, ғылыми негізде дамытуға ниетті.
– Қазірдің өзінде Ресейге 18 бас ірі қараға тапсырма бердім, бұл істің басы ғана. Әрине, алдағы уақытта өндірісті тек кеңейтуге және ірілендіруге тырысамын. Ірі қара малдың еті мен басқа да өнімдері әрдайым сұранысқа ие, яғни өткізуді үнемі қамтамасыз етуге болады. Жобамды жеріне жеткізіп бергені және оның нәтижесі үшін кәсіпкерлер палатасы филиалына айтар алғысым зор. Өзара ынтымақтастық қарым-қатынасымыздың тұрақтылығына сенемін, – дейді Валерий Сергиенко.
Кәсіпкер бүгінде мемлекеттік шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары кез келген бағыттағы өндірістік бастамаларды қолдай алады деп есептейді. Оның ойынша, ең бастысы, жобаның барлық мүмкіндіктері ескеріліп, дұрыс есептелінуі керек.
Руслан АИТОВ,
кәсіпкерлер палатасының Аққайың аудандық филиалының директоры.