«Диқаншы» фирмасы жегілікті нарықта ширек ғасырға жуық жұмыс істеп келеді. Негізінен ауыл шаруашылығы саласымен, соның ішінде ұн өнімдерін өндіріп, алыс-жақын шетелдерге экспорттаумен айналысады. Кәсіпорын қайырымдылық шараларынан да бас тартқан емес.
Серіктестік басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетіне қарсы бір кісідей жұмыла қарсы тұру туралы үндеуін қолдай отырып “Өз қалаңа көмектес” акциясын өткізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ірі сауда нүктелері арқылы ұн өнімдерін жеңілдікпен сатуға кірісіп кетті. Бастаманың әлеуметтік маңызы өте зор. Күнделікті сұранысқа ие бірінші сұрыпты өнім азық-түлік сөрелерінің көрнекті жерлеріне орналастырылып, ірі сауда желілері арқылы сатылады.
«Бүгінгідей күрделі кезеңде патриоттық акция аясында қала тұрғындарына көмек қолын созуды борышымыз санаймыз. Өзге тауар өндірушілерін де біздің қатарымызға қосылып, қиындықтарды бірге еңсеруді шақырамыз. Тұрғындар үшін жеңілдік 21 пайызды құрайды. Екі килолық қаптамадағы 1-сұрыпты ұн 15 сауда нүктесінде 250 теңгеден босатылады. Біз 10 тоннаға дейін өнімді жеңілдікпен сатуға дайынбыз. Акция басталғаннан бері 500 қаптамасын жеткіздік. Тұтынушылардың сұранысы бойынша да жеткіземіз», – дейді компанияның директоры Дмитрий Пампур.
Мұнда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін ақысыз негізде тарату мүмкіндігі бар. Осылайша кәсіпорын басшылығы Жастар ресурстар орталығы волонтерлерінің тұрмысы төмен жандарды аса қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы шақыруына нақты іспен үлес қосып отыр.