«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұрланған велосипедін қайтарды

Жаз туысымен велосипед ұрлығы жиілейді. Тәжірибелі ұры үшін кілтке салынған велосипедті ұрлау еш қиындық тудырмайды. Облыс орталығындағы М.Әуезов көшесі бойындағы гараждардың бірінің есігін бұзып, үш велосипедті қолды қылған ұрылар олжаларын сатпақ болып жүрген жерінде ұсталды.

Ал Мамлют ауданының орталығында полиция қызметкерлері жетінші сынып оқушысы Асылжан Бегалиноваға бір апта бұрын ұрланған велосипедін қайтарды. Мектеп оқушысы анасының жұмысына келіп, қос дөңгелекті көлігін бірнеше минутқа есік алдына қалдырып кеткен. “Forward” маркалы велосипедті аудан орталығында тұратын жасөспірім мініп кеткен екен.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp