«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЛАНҒАН СКУТЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Бірінші полиция бөлімі қызметкерлерінің атына Петропавл қаласының тұрғыны Александра Агеевадан алғыс келіп түсті. Қала тұрғынының ұлының туған күніне сыйлаған скутері көп ұзамай қолды болған екен. Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» ұрлықтың бетін ашты.

Қалалық полицияға бір түннің ішінде қаланың түрлі шағын аудандарында скутер ұрланғаны туралы екі арыз келіп түскен. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктілерді қолға түсірді. Тексеру барысында олардың «ВАЗ-2110» автокөлігінің айдап әкетілуіне және басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар екені бегілі болды.
1990, 1992 жылғы қала тұрғындары бұған дейін де сотталған екен. Қазіргі уақытта күдіктілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына камалды. Жауап алу кезінде ұсталғандар скутерлердің ештеңемен бекітілмегенін және оталдыра алмағандарын айтты. Нәтижесінде оларды сатып жіберу үшін сүйреп әкеткен. Ұрланған көліктер күдіктілердің бірінің туыстарының үйінің ауласынан табылып, иелеріне қайтарылды. Полицейлердің жұмысына риза болған тұрғындар алғыстарын айтуда.
Полицейлер тұрғындарды өз мүліктеріне сақ болуға, айдап әкетуге қарсы құрылғыларды қолдануға, сондай-ақ түнгі уақытта қос дөңгелекті көлікті бейнебақылау камералары бар жерге қоюға кеңес береді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp