«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЛАТЫП АЛМАҢЫЗ

Күн жылысымен солтүстікқазақстандық полицейлер маусымдық қылмыстардың алдын алуға кірісті. Осы кезде  жертөлелерден, үйлердің кіреберістерінен, тамбурлардан балалардың қол арбаларын, велосипедтерді ұрлау жиілейді.  Мәселен, велосипедтер көбіне олардың иелері дүкенге немесе басқа жерлерге кіріп, есік алдында қараусыз қалдырған сәтте қолды болады.

Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұхатовтың айтуынша, сапалы тростар мен құлыптарды пайдаланып, велосипедтің сериялық нөмірін білу қажет. Ол велосипед рамасының астыңғы жағында ойылып жазылған. Егер   қос дөңгелекті көлігіңізді адам аяғы көп жүретін орында уақытша қалдыруға мәжбүр болсаңыз, оны бағандарда, дүкендерде, дәріханалар мен банктер ғимараттарында орнатылған бейнебақылау камераларының шолу аймағына қойған жөн, ал ұрланған  жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласу керек. Бұл қаскөйді ізін суытпай ұстау мүмкіндігін арттырады.

Өткен жылы облыс орталығында велосипед ұрлаудың 96 дерегі тіркеліп, 25-і ашылды. Үстіміздегі жылдың басынан осындай 9 оқиға болды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp