
Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен екі адамды ұстады.
Павлодар қаласының 31 жастағы және Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны жұптасып әрекет ету үшін Петропавл қаласына келген. Ондағы мақсат – пәтер тонап, қалта ұрлығымен айналысу. Екеуі де бұрын осы тектес қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет істі болған.
Полиция қызметкерлері қалаға келген «меймандардың» 8 қылмысқа қатыстылығын дәлелдеді. Олар 5 пәтер, 1 қалта ұрлығын жасап, сауда сөрелерінен 2 рет бөтеннің нәрсесін қымқырған.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Олардың мүлкі тәркіленіп, өздері үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.