Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары учаскелік инспекторларының есеп беру кездесулерінде мал ұрлығы мен маскүнемдік мәселесі баса айтылды. Жыл басынан бері облысымызда мал ұрлаудың 65 фактісі тіркелсе, олардың дені еркін жайылымда орын алған екен. Осы орайда ауылдық жерлерде мал ұрлығының алдын алу үшін үшжақты келісім жасалуда. Ал Ленинград және Келлеровка ауылдық округтеріндегі тәртіп сақшылары маскүнемдіктің белең алып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Себебі, аталмыш ауданнан 11 адам “ащы суға” тәуелділігінен емделу үшін арнайы орындарға жіберілген. Жалпы облысымызда құзырлы органдардың есебінде 4 мыңнан астам маскүнем тұрса, жыл басынан бері алкогольді ішімдіктердің әсерінен 478 қылмыс жасалыпты, 91 адам маскүнемдіктен емделуге жіберілді.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.