Департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қорғаныс органының ардагерлерімен кездесті.
Өртке қарсы қызметте 20 жыл еңбек өтілі бар ардагер Нұртас Шайкин ізбасарларына тағылымдық кеңестер берді. Жас мамандарға өртті сөндіру және түрлі төтенше жағдайларды жою кезінде құтқарушыға қажетті төзімділік мен батылдықты тіледі. Саланың құрметті ардагерлері Галина Зябликова мен Раиса Бахриразиева өздерімен қызметтес болған әріптестері туралы әңгіме тарқатты. Раиса Ахметвалиевна бұқаралық ақпарат құралдарымен қоян-қолтық жұмыс істеп, төтенше оқиғалар туралы хабарларды көрермендер мен оқырмандарға дер кезінде жеткізуге үлес қосқан.
Құтқарушылар қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Кенжебай Жақыпов пен Алтынбек Әбдірахмановты және бүгінде қатарларында жоқ басқа әріптестерін бір минуттік үнсіздікпен еске алды.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.