«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылжар өңірінде «Ұрпақ жадында» акциясы өтіп жатыр.
Акция барысында Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткіштердің маңайы тазаланып, абаттандыру шаралары жүргізілуде. Мәселен, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, студенттер қаладағы майдангерлер жерленген ескі зиратты тәртіпке келтірді. Өткен аптада олар «Мәңгілік алау» маңын тазалаған болатын.
Жалпы өткен демалыс күндері жерлес жауынгерлердің құрметіне орнатылған 200-ден астам ескерткіштің маңайы тазартылып, майдангерлер жерленген орындар жөнделді. Акция Жеңіс күніне дейін жалғасады.