«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ЖАУАПТЫ СЫН

Облыс орталығында республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Профилактикалық олимп» байқауы өтті. Байқауға 15 ұстаз қатысып, олар алдымен «Тәуекел тобындағы жастармен жұмыс істеу шараларының кешенді жоспары» моделін таныстырды. Ал екінші тапсырмаға сәйкес тәрбие сағаттарын өткізді. Осылайша, өңіріміздің білім беру мекемелерінің психологтері жасөспірімдер тәрбиесіндегі кейбір түйінді мәселелерді шешу үшін өз тәжірибелерімен бөлісті. “Ұрпақ тәрбиесіне ең алдымен ұстаздар жауапты, сондықтан өзара пікір алмасып, тәжірибе жинақтаудың маңызы зор”, – дейді байқау үміткері Жазира Сапарова.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp