Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер 106 927 құқық бұзушылықты анықтап, жалпы сомасы 412 миллион теңгеден асатын айыппұлдар салған. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың 67,3 пайызы өндіріліп алынды.
Соның ішінде “Ұсақ бұзақылық” бойынша 1710 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 11 миллион теңгені құрады. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішіп, масаң күйде жүргені үшін 10209 адам жауапқа тартылса, оның тоғыз мыңнан астамына 86 миллион теңгенің айыппұлы салынды.
Жергілікті атқарушы органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдерімен бірлесе абаттандыру, иттер мен мысықтарды асырау ережелерін бұзу фактісін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде қалалар мен елді мекендерде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4388, иттер мен мысықтарды асырау ережелерін сақтамағаны үшін 3675 тұлға жауапқа тартылды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.